Басты

Зілзалада қаза тапқан адам саны 35 мың 418-ге жетті

Түркияның оңтүстігіндегі жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 35 418 адамға жетті, Бұл туралы Республиканың министрлер кабинетінің қорытындысы бойынша телеүндеу жолдаған ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды Turanews.kz.

Бүгінгі Министрлер кабинеті жиналысындан кейін мәлімдеме жасаған Мемлекет басшысы, жер сілкіністері себепті зардап шеккендердің 13 мың 208-інің емделіп жатқаның және қазіргі таңда қираған ғимараттың  19 мыңнан асып жатқаны туралы айтты.

Президент Ердоған зілзала аймағындағы жұмыстарға 250 мыңға жуық мемлекеттік қызметкердің қатысқанын баяндады.

Ердоған «Біз қираған ғимараттардан соңғы азаматымызды алып шыққанша жұмысымызды жалғастырамыз» деген сөздер қолданды.

Source
TRT Net

TuraNews

Back to top button