Туризм

Zhibek Zholy туристік пойызы: Кезекті жоба Наурыз мерекесінде іске қосылады

Жобаның ерекшелігі Наурыз мейрамы мен қасиетті Рамазан айының аяқталуымен тұспа-тұс келуімен айқындалады.

Туристік пойызы біртұтас мәдени-танымдық бағыт аясында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды біріктіреді. Жоба аясында алғаш рет туристік бағыт Душанбе қаласына дейін ұзартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сапар барысында қатысушылар Орталық Азия халықтарының мерекелік дәстүрлері, ұлттық салт-санасы, музыкасы мен әдет-ғұрыптарымен кеңінен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Ұлы Жібек жолының тарихи қалалары арқылы өтетін бұл бағыт Алматыдан басталып, Түркістан, Самарқан, Душанбе және Ташкентті қамти отырып, Орталық Азияның рухани және заманауи орталықтарын байланыстырады. Туристік пакеттің бағасына туристік пойызбен қатынау, кәсіби гидтердің қатысуымен әзірленген экскурсиялық бағдарлама, кіріс билеттері, сондай-ақ трансфер қызметтері кіреді.

Туристік пойыз «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның бастамасымен, «Өзбекстан темір жолдары» және «Қазақстан туристік индустриясы» СРО республикалық қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылады.

Zhibek zholy туристік пойызының іске қосылуы теміржол туризмін дамытудағы маңызды кезең болып, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан арасындағы мәдени ықпалдастықты күшейтуге, сондай-ақ өңірдің бай тарихи мұрасын кеңінен дәріптеуге серпін береді.

TuraNews

Back to top button