ӘлемБастыСаясат

Зеленский Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізілетінін растады

Анкарада Қара теңіз қауіпсіздігі мәселесі талқыланады.

Украина президентінің мәлімдеуінше, Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік туралы келіссөзге Украина, Ұлыбритания, Франция және Түркия өкілдері қатысып жатыр, деп хабарлайды ВВС

Бұған дейін Ресейдің мемлекеттік ақпарат агенттігі РИА Новости дереккөзге сілтеме жасап Анкарада Түркия әскери ведомствосының жетекшілігімен Қара теңіздегі қауіпсіздік мәселелеріне арналған екі күндік кеңес өтіп жатқанын хабарлаған.

Агенттік дереккөзі оған шетелдік әскери өкілдер қатысып жатқанын, бірақ олардың арасында ресейліктер жоқ екенін айтты.

Наурыз айының соңында Сауд Арабиясында өткен үш күндік тікелей емес келіссөзде АҚШ Ресей және Украинамен Қара теңіздегі сауда кемелеріне шабуылды болдырмау және олардың қауіпсіз қатынасына кепілдік беру мәселелерін талқылады.

Украина Қара теңізде қауіпсіз кеме қатынасын қамтамасыз етуге келісті, алайда Ресей тағы да қосымша талаптар қойды, олардың бірі Россельхозбанкке қарсы санкцияларды алып тастау болды.

 

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button