Спорт

Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингіде үздік ондыққа жақындады

Жасөспірімдер арасында жаңартылған ITF рейтингісінде қазақстандық теннисшілердің орны белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz сайты Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңғар Нұрланұлы 24-тен бірден 12-орынға көтеріліп, ТОП-10-ға кіруге жақын тұр. Сондай-ақ Дамир Жалғасбай 60-тан 31-ге, Даниэль Тазабеков 94-тен 52-сатыға жайғасты. Нұрланұлы, Жалғасбай, Тазабеков 24 қаңтар — 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді. Заңғар онда 8-ракетка ретінде тіркелген.

Аустралия ашық чемпионатына дейін үш жас қазақстандық теннисші сол елдегі ITF J300 TRARALGON турнирінде ойнайды.

TuraNews

Back to top button