Спорт
Зайнутдинов «Бешикташ» сапында Конферениця лигасында ойнады

Стамбулдық «Бешикташ» Конференция лигасының топтық кезеңінің 1-турында сырт алаңда бельгиялық «Брюгге» командасымен кездесті, деп хабарлайды Turanews.kz BasSport.kz порталына сілтеме жасап.
Тартысты өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Голдарды бельгиялықтар сапынан Ханс Ванакен соқса, түркиялық команда үшін Дженк Тосун есе қайтарды.
«Бешикташтың» жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов ойынды қосалқы құрамда бастап, алаңға кездесудің 66-минутында шықты.
Енді «Бешикташ» Конференциялар Лигасының топтық кезеңіндегі келесі ойынды 5 қазанда швейцариялық «Луганоға» қарсы өткізеді.