
Түркиялық «Бешикташтың» матчтары мен жаңалықтарын жариялайтын «FURKAN JK» Твиттер-аккаунты Ыстамбұл клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің Конференциялар лигасының плей-офф кезеңінде киевтік «Динамомен» өзара матчтағы өнерінен алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Автордың пікірінше, Қазақстан құрамасының футболшысы «Бешикташтың» шабуылында ойнауы керек.
«Бахтиер Зайнутдинов — таза талант, бұл жігіт сол жақ қорғаушы мен орталық қорғаушы шебінде ойнамауы керек. Шенол бұл шабуылшымен керемет нәтижелерге қол жеткізеді. Бұл маусымның ең күтпеген трансфері болады,» — делінген хабарламада.