ӘлемСпорт

Ыстықкөлде көкбөріден әлем кубогында қазақ командасы екінші орын алды

Көкбөріден (жоғарғы лига) І әлем кубогының жеңімпазы Қырғызстанның «Ынтымақ»командасы болды, деп жазады Turanews.kz Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Олар финалда қазақстандық «Астана» командасымен кездесті. Қос команданың кездесуі 10:1 есебімен аяқталды.

Осылайша, «Ынтымақ» командасына алтын медальдар мен 2 млн сомға сертификат, «Астана» командасына күміс медаль мен 2 млн сомға сертификат табысталды.

Ал үшінші орын алған «Достық» командасы 800 мың сом жеңіп алды.

Айта кетейік, бірінші лигада жеңімпаз атанған Қырғызстанның «Жаштық» командасының ақшалай жүлдесі 2 млн сом болды.

Бірінші лига жеңімпаздарының тізімі:

— бірінші орын: «Жаштык» (Қырғызстан) — 2 млн сом;

— екінші орын «Красноярск» (Ресей) — 1 млн сом;

— үшінші орын «Өзбекстан» (Өзбекстан) — 500 мың сом;

— төртінші орын «Алтай» (Ресей) — 250 мың сом.

45 жастан асқан қатысушылар арасында өткен жарыста бірінші орынды Қырғызстаннан келген команда (600 мың сом), екінші орынды «Қазақстан» командасы (400 мың сом) иеленді.

Еске сала кетейік, көкбөріден халықаралық турнир 13 тамызда басталған. Оның ашылу салтанатына Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қатысты.

Көкбөрі (көкпар) – қазақ, қырғыз, алтай, башқұрт, өзбек және басқа да Азия халықтары арасында танымал ат спорты ойыны. Ойыншылар ат үстінде серкеге таласады.

Оны қарсыластарына алдырып қоймай, қарсы команданың тайқазанына тастауы керек.

Биыл жарысқа жаңа ереже енгізіліп, ойындағы төреші саны беске дейін көбейді.

Бір таймның ұзақтығы 15 минутқа қысқарды (бұрын 20 минут болатын). Серке тайқазанға түскеннен кейін ойыншы ат үстінде алаңда болуы керек.

Via
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button