Басты
Ыстықкөлде жер сілкінді
4 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 05:31-де Қырғызстанның Қытаймен шекарасында эпицентрінде шамамен 4 балдық жер сілкінісі болды.
Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы сейсмология институтының алдын ала мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қытайда (Как Шаал Тоо жотасы), Бедел ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым, Құмтөр кенішінен оңтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым, Қаракөлден оңтүстік-шығысқа қарай 125 шақырым жерде жатыр.
Бедел елді мекенінде жер сілкінісінің күші 2,5 балды құрады.
Қазан айында Қырғызстанда 4,6 балдық жер сілкінісі болды.
19 қазанда жергілікті сағат 01:32-де Өзбекстанда 2 балдық жер сілкінісі сезілді.