Ыстанбұл мәдениет және туризм басқармасының мәліметтеріне қарағанда, 2022 жылдың 7 айында Ыстанбұлға 8 миллион 514 мың 806 шетелдік турист келген, деп жазады Turanews.kz TRT-ге сілтеме жасап.
Өткен жылдың шілде айында 1 миллион 759 мың 506 шетелдік турист келген қала биыл шілде айында 1 миллион 873 мың 97 шетелдік туристті қабылдады.
Осылайша шілде айында келген шетелдік туристер өткен жылмен салыстырғанда шамамен 6 пайызға артқан.
Өткен айда болғандай шілде айында Ыстанбұлға келген 185 мың 636 туристпен орыстар бірінші орынды иеленді.
Ресейден кейін 135 мың 568 туристпен Германия, 135 мың 96 адаммен Сауд Арабиясы, 105 мың 41 келушімен АҚШ, 97 мың 352 туристпен Иран, 69 мың 263 адаммен Франция, 69 мың 6 туристпен Ұлыбритания, 51 мың 257 адаммен Ирак, 45 мың 854 келушімен Кувейт, 45 мың 257 туристпен Израиль және 44 мың 273 туристпен Голландия орын алды.