
Компанияның мәліметіне сай, ұшу барысында әйел толғата бастаған. Қуанышқа орай, жолаушылар арасында болған екі дәрігер оған дер кезінде медициналық көмек көрсетті.
Кейін экипаж мүшелері әуе кемесін Өзбекстанның Хорезм облысына қарасты Үргеніш қаласының әуежайына қондырды. Тиісінше, ол жерде күтіп тұрған медицина қызметкерлері босанған ананы сәбиімен бірге жергілікті перзентханаға жеткізді. Үргенішке бірер сағат аялдаған ұшақ кейін Ташкентке бет алды.