Бүл туралы Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.С. Смадияров БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтып берді.
«Кездесуде 2023 жылғы 3 қарашада Астанада өткен Ұйымның 10-шы саммиті барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы, осы жазда Әзербайжанда жоспарланып отырған Ұйымның бейресми Саммиті және 2024 жылғы қазанда Қырғызстанда жоспарланып отырған Ұйымның кезекті 11-ші саммиті бойынша дайындық жұмыстары, сондай-ақ Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша өзекті мәселелері қарастырылады», — деп БАҚ өкілдеріне берген мәлімдемесінде айтты Смадияров.