БастыСаясат

Ыстанбұлда Ресей-АҚШ келіссөздері аяқталды

Ыстанбұлда Ресей мен АҚШ делегациялары арасында елшіліктер жұмысына қатысты мәселелер бойынша келіссөздер аяқталды.

Келіссөздер бойынша баспасөзге сұхбат берілген жоқ. Мәскеу уақыты бойынша сағат 16:20 шамасында Ресей делегациясы отырған көлік Ыстанбұлдағы келіссөздер өтіп жатқан АҚШ бас консулы резиденциясының аумағынан шығып кетті.

Бұл ретте Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бүған дейін келіссөздердің қорытындылары туралы ақпарат «қалай болғанда да берілетінін» атап өткен.

Кездесу алдында Мәскеу мен Вашингтон арасында осы тақырып бойынша екі алдын ала техникалық байланыс болды.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин ФҚҚ отырысында сөйлеген сөзінде ресейлік-америкалық байланыстардың қайта жандануына бәрі бірдей риза емес деп мәлімдеген.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button