ҚоғамМәдениет

Ыстанбұлда Қаныш Сәтбаевтың «Qanyshname» кітабының тұсаукесері өтті

Ыстанбұлдағы «Мәдениет және сауда» орталығында қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан, Қазақстан гелогтары ғылыми мектебінің негізін қалаған, гелогия, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушыларының бірі әрі тұңғыш президенті, Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай Аспанбек Шұғатаевтың «Qanyshname» кітабының тұсаукесері өтті.

Салтанатты жиында Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен ғылым жолындағы еңбектері талқыланып, кітаптың оқырмандарға берері талқыланды. Шараға Стамбұл тұрғындары мен әдебиет және өнер саласындағы ғалымдар қатысты.

Анкарадан арнайы ТҮРКСОЙ-дың кадр мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Санжар Мүлазымоглу келіп, «Әлем қазақтары жамағатының» төрағасы Ержан Уайске «ТҮРКСОЙ Бас хатшысының кеңесшісі» құжатын арнайы табыстады.

Жиын соңында Түркия қазақтарының қос ақсақалы – Абдурахман Четин мен Мансур Тейджі келушілерге бата беріп, ас қайырды.

 

TuraNews

Back to top button