
Dream Project ұйымдастыратын бұл іс-шара туризм саласының жетекші өкілдерін қайтадан бір алаңға жинамақ. Өткен жылы көрме 15 000-нан астам кәсіби келушіні қабылдаған болатын, деп хабарлайды TuraNews.kz.
«Жаңа байланыстар мен іскерлік серіктестіктер орнатуға дайынсыз ба?» ұранымен өтетін көрме аясында саяхат агенттіктері, қонақүйлер, туроператорлар және өзге де салала мамандары бас қосады. Сонымен қатар, B2B кездесулер, салалық форумдар және салтанатты кеш ұйымдастырылады. Қатысушылар уақыты мен бюджетін үнемдеуі үшін арнайы көрме стендтерімен қамтамасыз етілетін болады.
Шара аясында өтетін «Туризм форумы» мен «Гастрономия форумында» өзекті мәселелері қозғалып, 2025 жылғы туристік маусымның қорытындысы талқыланады.
Ыстанбұл туризм көрмесі – туризм саласындағы кәсіби мамандар үшін маңызды кездесу алаңы болмақ.
Толық ақпарат үшін: https://www.istanbulturizmfuari.com.tr/