NTV басылымының мәліметінше, соңғы тәулікте Ыстанбұлда барлығы 43 адам қолдан жасалған алкогольді ішу салдарынан уланған. Ауруханаға түскендердің 19-ы қайтыс болды.
Полиция оқиғаға қатысты жан-жақты тергеу жұмыстарын бастады.
Өзбекстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының мәліметінше, ауруханаға келгендердің 26-сы шетелдіктер екені белгілі болды.
Осы оқиғаға қатысты екі Түркіменстан азаматы қамауға алынып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Бүгінгі таңда жалған алкогольдік сусындардан көз жұмған Өзбекстан азаматтарының саны 6-ға жетті. Оның 5-еуі ер адам, 1-і әйел адам.
Естеріңізге сала кетейік, Ыстанбұлда бір күнде 5 Өзбекстан азаматы қолдан жасалғанған ішімдіктің кесірінен қаза тапқаны туралы хабарланған болатын