
Бұл туралы Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу еуропалық аэронавигация қауіпсіздігі ұйымының (EUROCONTROL) жаңа есебіне сілтеме жасап хабарлады.
12 қыркүйекте жарияланған «Еуропа авиациясына жалпы шолу» құжатына сәйкес, Ыстанбұлдағы әуежай осы көрсеткіш бойынша басқа еуропалық әуе тораптарынан озып, күніне орта есеппен 1 624 рейске қызмет көрсетеді.
Уралоглу мұндай жоғары көрсеткіштер Түркияның халықаралық авиациялық хаб ретінде маңызын растайтынын атап өтті.
– Ыстанбұл әуежайы Еуропадағы көшбасшылықты сақтап қана қоймай, жаһандық ауқымда өз позициясын нығайтып жатыр, — деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, Түркия жалпы алғанда Еуропа елдері арасында әуе қатынасы бойынша алтыншы орында, күніне орта есеппен 4200 рейсті қамтамасыз етеді.
Осы көрсеткіш бойынша ел Греция, Нидерланд және Польша сияқты мемлекеттерден озып келеді.
EUROCONTROL есебі әсіресе көлік инфрақұрылымы дамып келе жатқан елдерде авиация саласының тұрақты түрде қалпына келгені мен дамығанын көрсетеді.
2018 жылы ашылған Ыстамбұл әуежайы жолаушылар ағынын белсенді түрде арттыруды және ұшу географиясын кеңейтуді жалғастырып жатыр. Бұл оны тек Еуропаның ғана емес, сонымен қатар әлемнің негізгі әуе тораптарының біріне айналдырады.
2024 жылдың аяғындағы жағдай бойынша түрік әуе айлағы 320 миллионнан астам жолаушыны қабылдап, әлемдегі ең ірі әуежайлардың біріне айналды.