Түркі дүниесінде театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан өнер иелерін ұлықтауды мақсат ететін бұл марапат биыл 11-рет ұйымдастырылып отыр. Салтанатты кеш барысында ТҮРКСОЙ-ға мүше елдерден іріктелген өнер қайраткерлеріне өз салаларында қол жеткізген жоғары жетістіктері үшін сыйлықтар табыс етіледі, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.
Жыл сайын Халықаралық «Anadolu» театр сыйлықтары аясында өткізіліп келе жатқан бұл мәдени шара түркі дүниесі театрлары арасындағы шығармашылық ынтымақтастықты нығайтуға, ортақ мәдени мұраны сахна өнері арқылы кеңінен насихаттауға және сапалы театр туындыларын қолдауға бағытталған.
2026 жылғы Халықаралық «ТҮРКСОЙ театр сыйлықтары» аясында марапатқа ие болғандар төмендегідей:
- Қазақстан – Үздік театр режиссері: Еренбақ Тойкенов
- Өзбекстан – Үздік әйел рөлі: Лола Эльтоева
- Түрікменстан – Үздік ер адам рөлі: Батыр Чарыев
- Қырғызстан – Үздік сахна суретшісі: Садыр Ниязакунов
- Әзербайжан – Үздік драматург: Али Әмірлі



