Ыстамбұлда атыс болып, Қазақстан азаматы жарақат алды
Қазақстан азаматына Ыстамбұлда болған қақтығыс кезінде оқ тиді, деп Turanews.kz хабарлайды СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ыстамбұлда болған оқиға жайлы мәлімдеме жасады.
«18 сәуірде Ыстамбұлдағы ҚР Бас консулдығына біздің азаматтан қоңырау келіп түсті, ол өзіне оқ тигенін хабарлады. Консул дереу зардап шеккен азаматқа барып, оны жергілікті ауруханаға жеткізді. Медициналық тексеруден өтті, ота жасалады деп күтілуде. Қазір жерлесіміздің жағдайы тұрақты», — деді Айбек Смадияров.
Ақпаратта айтылғандай, жерлесіміз жарақат алған кезде қасында әйелі болған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, отандасымыз жергілікті азаматтар арасындағы атысқа кездейсоқ тап болған. Ол өздігінен кетіп бара жатқанда оқ тиген. Бүгінде полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр», — дейді ведомстводан.