ҚоғамТехнология

YouTube Premium қазақстандықтарға қашан қолжетімді болады?

Қазақстандықтар үшін YouTube Premium қолжетімді болуы мәселесі жыл соңына дейін шешіледі, деп ҚазАқпарат агенттігіне сілтемелеп, Turanews.kz жазады.

«Мен АҚШ-та болған кезде You Tube-тың вице-президентімен сөйлестім. Біз келістік. Олар жыл соңына дейін бұл жаңартуды өткіземіз деп уәде берді», — деп жауап берді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, қазір соңғы жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.

«Мен You Tube басшылығымен хат алыстым. Олар маған аймақ ретінде бөлек ұйымдастыру мүмкін емес екенін айтты, қазір пакет әзірлеп жатыр. Біз күтуіміз керек. Жылдың соңына дейін уақыт бар. Менің ойымша, You Tube уәдесін орындайды», — дейді ведомство басшысы.

Одан бөлек, ведомство басшысы қолданушы ретінде YouTube Premium қолжетімді болғанын өзі де күтіп жүргенін тілге тиек етті.

YouTube Premium — бұл ақылы жазылым қызметі. Егер сіз осы YouTube-тің тәжірибесі үшін сұраныс бағасын төлесеңіз;

  • Жарнама жоқ.
  • YouTube түпнұсқалары.
  • Бағдарламада YouTube жүктеулері және фондық режимде ойнату.
  • YouTube Music Premium қызметіне қол жеткізу.
  • Жүктелімдері бар жарнамасыз YouTube Kids,

сияқты көпдеген ерекше қызметтерін пайдана аласыз.

 

TuraNews

Back to top button