БастыСаясатЭкономика

Ыгдыр-Нахчыван табиғи газ құбырының ашылу рәсімі өтті

Түркия мен Әзербайжанның энергетикалық желілерін байланыстыратын Ыгдыр-Нахчыван табиғи газ құбыры ресми түрде іске қосылды. Ашылу рәсіміне Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қатысты.

Жақында Режеп Тайып Ердоған мен Ильхам Әлиев Түркия мен Әзербайжанның газ тарату магистральдарын қосатын Ыгдыр-Нахчыван газ құбырын пайдалануға берудің ресми рәсіміне қатысты.

— Ыгдыр-Нахчыван газ құбыры біздің энергетика саласындағы көптен бері келе жатқан стратегиялық бастамаларымызға тұтастық береді. Botaş салған бұл 80 шақырымдық желінің сыйымдылығы 2 миллион текше метрге дейін жетеді. Күніне кем дегенде 30 жыл бойы Нахичеванның табиғи газға деген барлық қажеттілігін өтейді және оның энергетикалық қауіпсіздігіне кепілдік береді, — деді Түркия басшысы салтанатты жиында.

Өз кезегінде Әзербайжан басшысы тараптар қазіргі таңда Баку-Тбилиси-Джейхан, Баку-Тбилиси-Эрзурум, TANAP мұнай құбырлары сияқты ірі мұнай-газ жобаларын жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Ал өткен жылы Әзербайжаннан Түркияға газ экспорты 25 миллиард текше метрге жетті. Оның жартысы Түркияға жеткізіледі.

Түркияның Ыгдыр қаласынан Нахчыван автономиялық республикасының Садарак облысына (НАР, Әзербайжан эксклавы) тартылатын құбырдың ұзындығы 97,5 шақырымды құрайды. Құбырдың Әзербайжан бөлігінің ұзындығы 17,5 шақырым, түрік бөлігі 80. Құбырдың өткізу қабілеті тәулігіне 2 миллион текше метр газ, жылына 730 миллион текше метрді құрайды.

Жоба Нахчыван Автономиялық Республикасының (НАР) энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және аймақтың баламалы жолдарға тәуелділігін азайтуға бағытталған.

2005 жылдан бері Әзербайжан мен Иран арасында жасалған келісім негізінде Әзербайжанға табиғи газ жеткізу схемасы бойынша жүзеге асырылып келеді.

Әзербайжан мен Түркия арасындағы газ құбырының құрылысы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға 2020 жылы 15 желтоқсанда Анкарада қол қойылды.

Қаңтар айында суасты құбырындағы техникалық ақау салдарынан Каспий теңізіндегі Әзербайжанның Шах Дениз кен орнынан газ жеткізілімі уақытша тоқтатылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Әзербайжанның SOCAR Gas Georgia компаниясы Грузияның батыс аймақтарындағы газ құбырларын сатып алады.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button