Басты

Ядролық қарудан азат әлем құруды жалғастыра береміз – Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ядролық державалар арасында күшейіп келе жатқан бәсеке мен текетіреске алаңдаушылық білдірді.

«Бұған дейін Қазақстан ядролық қару сынақтарынан көп зардап шекті. Сондықтан ядролық державалар арасындағы текетірестің күшею қаупін жақсы түсінеміз. Осыған орай ядролық қарусыздану Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды қырына айналды. Біз ядролық қарудан азат әлем құру жолындағы күресімізді жалғастыра береміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатында.

Президент бұл саладағы кейбір жетістіктерге қарамастан, жалпы ахуал жақсы емес екенін жеткізді.

«Ядролық державалар арасында күшейіп келе жатқан бәсеке мен текетірес бізді алаңдатады. Сондай-ақ біз Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың жалпы конференциясы аясында ілгерілеу жоқ екеніне алаңдаймыз. Алдымызда қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы жаңа механизмдерді әзірлеу жөнінде аса күрделі міндет тұр», — деді Қ.Тоқаев.

Source
Inform.kz

TuraNews

Back to top button