Мәдениет

«XIII Шеки Жібек жолы халықаралық музыка фестивалі» басталды

Фестиваль алғагюш ұйымдастырылған жылдан бастап ТҮРКСОЙ-дың өнер ұжымдарының қолдауымен өткен шараға биыл Қазақстан мен Түркияның өнерпаздары қатысты.

ТҮРКСОЙ және Әзербайжан Композиторлар Одағының ұйымдастыруымен «XIII Шеки Жібек жолы халықаралық музыка фестивалі» екі концертпен басталды.

Фестивальдің алғашқы концерті Шеки қаласының тарихи орындарының бірі – Жоғарғы керуен сарайда өтті. Тарихи жерде сахнаға шыққан татарстандық аккордеон (баянист) әртісі Айдар Салахов орындаған туындыларымен фестивальге қатысушылар әрі әзербайжандық өнер сүйер қауымның үлкен ризашылығына бөленді.

Фестивальдің екінші концерті «Мархал» амфитеатрында салтанатты ашылудан кейін өтті. Шарада Шеки губернаторы Елхан Усубов, Әзербайжан Композиторлар Альянсының президенті Фиренгиз Ализаде және Әзербайжан ТҮРКСОЙ еліндегі өкілі Эльчин Гафарлы сөз сөйледі.

Шеки әкімі Елхан Усубов өз сөзінде биыл 13-мәрте өткізіліп отырған фестивальдің 2700 жылдық тарихы бар Шекинің мәдени өміріне қосқан маңызды үлесіне тоқталды.

Әзербайжан Композиторлар Альянсының президенті Френгиз Ализаде пандемия кезінде ғана 2 жыл үзіліс жасаған фестивальдің көптеген жетістіктерге қол жеткізгенін және аз уақыт ішінде 36 түрлі елдің өнер қауымдастығын Әзербайжан өнер сүйер қауыммен кездестіргенін атап өтті.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың сәлемін жеткізген Әзербайжанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Эльчин Гафарлы фестивальдің түркі әлеміндегі мәдениет және өнер адамдарының бас қосатын орны және бауырлас халықтардың музыкалық өнерін көрсететін маңызды алаңға айналғанын атап өтті.

Ашылу сөзінен кейін индонезиялық «Mila Art» би тобы мен «Хамдани» музыкалық тобы сахнаға шығып, өз елдерінің музыка және би үлгілерін көрсетті. Түрлі-түсті киімдермен, аксессуарлармен және маскалармен сахнаға шыққан өнерпаздарға көрермендер ұзақ уақыт қол соқты.

Фестивальдің екінші күні Шеки музыкалық мектептерінің әртістері және Үндістанның «Бхангра» би тобының концерттерімен жалғаспақ.

 

Source
turksoy.org

TuraNews

Back to top button