Технология
WhatsApp хабарламаны редакциялау функциясын қосады

WhatsApp пайдаланушыларға хабарламаларды редакциялауға мүмкіндік беретін жаңа функция қосылғанын жариялады, деп BBC News-ке сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
Компания хабарламаларды жіберілгеннен кейін 15 минут ішінде өңдеуге болатынын мәлімдеді.
Лезде хабар алмасу қызметі Facebook пен Instagram-ға иелік ететін америкалық технологиялық алпауыт Meta-ның бөлігі.
Бұл мүмкіндік алдағы апталарда WhatsApp-тың 2 млрд пайдаланушысына қолжетімді болады. Әлеуметтік желі қызметін пайдаланушылардың ең көп саны — Үндістанда (487 млн).
«Өңделген хабарлама алушыларға мазмұнның өзгертілгенін хабарлау үшін «редакцияланған» деп белгіленеді. Алайда, оның уақыт өте келе қалай өзгергені оларға көрсетілмейді.» — делінген хабарламада.