
Украина Президенті Владимир Зеленский Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бүгін Түркияға келеді, деп хабарлайды Turanews.kz Түркияның мемлекеттік телеарнасына TRT-ге сілтеме жасап.
Сапар аясында Ердоған мен Зеленский Стамбулда жеке және делегациялар арасында кездесулер өткізеді
Кездесуде 2022 жылдың 24 ақпанынан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысына қатысты соңғы оқиғалар, мерзімі 17 шілдеде аяқталатын Астық дәлізі келісімі және екі ел арасындағы қарым-қатынастар талқыланады.