Аталмыш марапат Виктор Орбанға бүгін Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде табысталды.
Саммит барысында ұйым мүшелері 8 құжат қабылдады. Сол құжаттардың ішіндеМажарстан Премьер-Министрін марапаттау да бар.
Жиында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев саммит аясында жасалатын келісімдер түркі мемлекеттерінің әлеуетін арттыратынына сенім білдіріп, Ұйымға төрағалық ететін Қырғыз еліне табыс тіледі.