
Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбан Instagram парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенмен бірге түскен фотосуретін жариялады, деп хабарлайды TuraNews.kz.
«Қазақстандық әлем жұлдызы Будапештте», — деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Виктор Орбан.
Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің салтанатты қабылдауына қатысқанын хабарлап, кештен түсірілген түрлі фото жариялады. Олардың арасында қазақтың мақтанышы Димаш Құйдайберген де бар.
