Денсаулық

«VetPro – 2025»: Болашақ ветеринарлар арасындағы кәсіби шеберлік байқауы

Бүгін Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ауылшаруашылық (ветеринарлық) бағытындағы оқу орындарының студенттері арасында «VetPro» кәсіби шеберлік бойынша республикалық байқауы басталды.

Еліміздің үздік студенттері өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсету үшін Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің базасына жиналды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Конкурс бағдарламасы ветеринарлық тәжірибенің негізгі бағыттарын қамтитын 7 практикалық тапсырмадан тұрады.

Бағалау WorldSkills стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Сарапшылар құрамына салалық кәсіпорындардың өкілдері мен ветеринария саласының мамандары кіреді.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

TuraNews

Back to top button