БастыСпорт

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 6 күн қалды

Түркі әлемі көз тіккен көшпенділер ойыны кезінде Елордаға жалпы 100 мыңнан астам турист келеді келеді деп күтілуде.

Түркі әлемі үшін олимпиадаға пара пар жарысқа 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады. Олар спорттың асық ату, көкпар, бәйге, теңге ілу, мас-рестлинг, қазақ күресі, арқан тартыс, аударыспақ, дәстүрлі садақ ату, көк бөрі, жамбы ату және овари сынды 21 түрінен мықтыны анықтайды. Дүбірлі дода 8-13 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді.

Қазір спортшыларымыздың дайындығы қызған. Түркі әлемі көз тіккен көшпенділер ойыны кезінде Елордаға жалпы 100 мыңнан астам турист келеді деген жоспар бар. Осыған орай қонақүйлер, қала көшелерін абаттандыру, безендіру қарқынды жүргізіліп жатыр.

 

Source
Qazaqstan TV

TuraNews

Back to top button