БастыДенсаулықҚоғам

Үсік шалған адамға алғашқы көмек қалай көрсетілуі керек

Денсаулық сақтау министрлігі үсік шалған адамға алғашқы көмекті қалай көрсету керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Turanews.kz.

«Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты, суықтап қалуда және түрлі дәрежедегі үсіктен сақтану үшін, алдын алу шараларын қабылдауды және туындаған жағдайда алғашқы көмекті дұрыс көрсетуді сұраймыз », — деп ескертті министрлік баспасөз қызметі.

Алдын алу шаралары:

жылы киіну керек,

киім көп қабатты болуы керек (ауа ағыны денеңіздің жылуын сақтайды),

үйде ауыстыратын аяқ киім киіңіз (көшеге киетін аяқ киім құрғақ болуы керек),

қысқы аяқ киімнің табаны қалың, жылы болуы керек,

көшеде бетіңізді, құлағыңызды, мұрныңызды, білегіңізді, саусақтарыңызды және тобығыңызды ашық қалдырмауға тырысыңыз,

металдан жасалған әшекейлерді тақпаңыз, өйткені олар суық тартады,

далаға шығар алдында теріге ылғалдандырғыш крем жақпаңыз, өйткені олар үсуге ықпал етеді.

оны аяздан үйге кіргеннен кейін біраз уақыттан соң қолданыңыз.

Аяз күндері тамақтану:

далаға аш күйінде шықпаңыз, өйткені суыққа қарсы тұру үшін денеге көп энергия қажет,

спирттік ішімдіктерді ішпеңіз, өйткені олар денені жылытпайды, қайта жылуды жоғалтуға мүмкіндік туғызады, сіз жылынған сияқты жалған сезімде боласыз,

темекі өнімдерін пайдалану дененің жылуын сақтау үшін қажетті перифериялық қан айналымын төмендетеді.

Аяздан өзін жайсыз сезінген кезде көмек беру:

сіздің қолдарыңыз бен аяқтарыңыздың қата бастағанын сезінген кезде, оларды уқалаңыз және қайтадан олардың тоңып қалуына жол бермеңіз,

аязда беттің жұмсақ тіндерін және саусақтардың сырт терісін зақымдамау үшін дененің ашық жерлерін (бет, алақанның артқы жағы) ысқыламаңыз.

Зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету:

үйге немесе қандай да бір жылы орынжайға баруға асығу керек, суықтан қатып қалған адамның аяқ киімі мен киімін шешіп, қайтадан киіндіру керек,

зақымдалған қолы мен аяғын, саусақтарын спиртті майлықтармен немесе спиртке батырылған матаның жұмсақ бөлігімен сүртіңіз,

оларды жылы сумен жылытыңыз, біртіндеп дене температурасына (36-37 градусқа) жеткізіңіз.

зардап шегуші қол-аяғын сезінгенше, оларды спиртті майлықтармен сүртуді қайталаңыз,

дененің зақымдалған жеріне стерильді құрғақ таңғышты қойыңыз және адамды қымтап ораңыз.

дененің үсіген жерлерін қозғалтпау керек (қан тамырларының зақымдану қаупін төмендетеді).

Дәрігердің көмегі қашан қажет болады?

егер адамның киімін ауыстырып, көмек көрсеткеннен кейін де денесі жылымаса; ауырсыну күшейсе, тері қабаттары суық және бозғылт болатын болса, жедел медициналық көмекті дереу шақыру керек.

Мүлдем болмайды:

қармен ысқылауға болмайды, өйткені зақымданған жерлердің қан тамырлары нәзік болады, ал қармен ысқылау оларды зақымдауы мүмкін.

ыстық сумен жылытуға болмайды, өйткені температураның күрт өзгеруі қан айналымы процесін қалпына келтіруге мүмкіндік бермейді,

мазь немесе май жағуға болмайды, бұл терінің жарақатына алып келеді, оның салқындауын күшейтеді.

Зардап шеккен адамға кофені немесе спирттік ішімдіктерді толық қалпына келтірілгенге дейін бермеңіз, бұл қан тамырларының күрт кеңеюіне алып келеді, олардың жарылуына немесе жүрек қызметінің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Егер бетті немесе мұрынды үсік шалса, жылыту үшін оларды аязда ысқылауға, содан кейін зардап шеккен адамды үй-жайға апаруға болады. Үсік шалған жерлерді қармен ысқылау ұсынылмайды. Қар одан сайын үсітеді, ал үшкір ұсақ мұздар теріні зақымдауы мүмкін.

Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін науқасты ауруханаға тез жеткізу керек, өйткені аздап үсік шалу да организмнің қорғану күшін төмендетеді.

TuraNews

Back to top button