БастыМәдениет

Үшінші Түркі әлемі студенттер театр фестивалі Алматыда жалғасуда

Қазақстанның мәдени астанасы – Алматы қаласында ТҮРКСОЙ ұйымдастырған III. Түркі әлемі студенттер театр фестивалі үлкен ықыласпен және қатысушылардың көптігімен жалғасып жатыр.

Фестиваль Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы студенттерінің сахналауындағы «Қобыланды» атты спектакльмен басталды. Қазақ халық дастанынан алынған бұл әсерлі қойылым көрермендердің зор қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Іс-шараның екінші күні Түрікменстан мен Қырғызстаннан келген студенттік топтар сахнаға шықты. Түрікменстан Мемлекеттік Мәдениет институтының студенттері Түрікменстанның Ұлттық Көшбасшысы және Халық Қаһарманы Гурбангулы Бердімұхаммедовтің қаламынан шыққан «Ананың өсиеті» атты театрландырылған қойылымды сахналап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Шара сонында Қырғызстан атынан фестивальға қатысқан Б. Бейшеналиева атындағы Қырғыз Ұлттық Мәдениет және Көркемөнер университетінің студенттері қырғыз жазушысы және ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтің қаламынан шыққан «Қашаба» атты қойылымды сәтті ұсынды.

 

TuraNews

Back to top button