Сенбі күні Қазақстан құрамасы Чэндуда өтіп жатқан Универсиада-2023-те екінші алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды BasSport.kz.
Осылайша құрамамыз медальдық есепте 17-орын иеленді. Қоржынымыздағы жүлделер саны да 17: екі алтын, жеті күмус және тоғыз қола.
Дәл қазір Қазақстан еншісінде екі алтыннан бар Франция, Чехия, Литва мен Таиландты басып озды.
Ал көш басында Қытай тұр — 133 медаль (76 алтын, 30 күміс, 27 қола). Екінші орында — Жапония — 71 медаль (18 алтын, 23 күміс, 30 қлла). Үздік үштікті Корея қорытындылап тұр — 50 (17 алтын, 15 күміс, 18 қола).