Қоғам

Үндістан мен Тәжікстанның 13 азаматы ҚР көші қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Үндістан мен Тәжікстанның 13 азаматы Қазақстан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Ташкент–Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 21 және 37 жас аралығындағы 9 Үндістан азаматын анықтады. Олар заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам уақыт ішінде кетуден жалтарған, деп

Құқықбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 517-бабының 4-бөлігімен, яғни, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Шымкент қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жоғарыда аталған шетел азаматтары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды.

Көлік полицейлері осыған ұқсас құқықбұзушылықты «Түркістан–Павлодар» бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде де анықтады.

Бұл жолы Тәжікстан Республикасының 4 азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылып, сот шешімімен әрқайсысына 25 АЕК (86 250 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері көлік полицейлері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1178 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін 951 шетелдік.

Соттардың қаулысымен елімізден тыс жерлерге 232 шетелдік азамат шығарылды.

TuraNews

Back to top button