ДенсаулықСаясат

Ұлытауда медициналық көмекті жетілдіру үшін кешенді талдау басталды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келіп, Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын тексерді. Сапар барысында Министр өңірдегі медициналық көмекті жетілдіру үшін арнайы жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді.

​Жақында Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиевтің жетекшілігімен Министрліктің бұл арнайы жұмыс тобы өз жұмысын бастады. Топтың басты мақсаты – облыстағы медициналық ұйымдардың қызметіне кешенді талдау жасау, өзекті мәселелерді анықтау және тұрғындар үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша іс-шаралар ұсыну.

​А.Амангелдиев облыс активі алдында сөйлеген сөзінде: «Жезқазғанға елорда мен Қарағанды медицина университеттерінің, сондай-ақ онкология, кардиохирургия, нейрохирургия сияқты жетекші республикалық ғылыми орталықтар мен клиникалардың басшылары жіберіледі. Олар жергілікті мамандармен бірге өңірлік денсаулық сақтау жүйесін нығайту бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлейді», – деп атап өтті.

TuraNews

Back to top button