Саясат
Ұлытауда Конституциялық реформаның басымдықтары талқыланды

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Ұлытау өңірлік мүшелері түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгін өңірлік коалиция мүшелері Оразалы Бақырбаев, Светлана Онғарбаева, Айнаш Жаналина Ұлытау облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығының Цифрлық кеңсе қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, оның қоғам үшін маңызы мен артықшылықтары түсіндірілді. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.



