Қоғам

​Ұлытауда жалпыоблыстық сенбілік өтеді

2026 жылғы 11 сәуір күні сағат 9:00-де Ұлытау облысының барлық елді мекендерінде ауқымды сенбілік басталады. Аталған іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.

​Шараның мақсаты — өңірдегі санитарлық тазалықты сақтау, елді мекендерді абаттандыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру. Ұйымдастырушылар облыс тұрғындарын туған өлкені көгалдандыру мен тазалауға бағытталған игі іске белсенді қатысуға шақырады.

​Табиғатты қорғау және туған өлкенің тазалығын сақтау — әрбір азаматтың ортақ парызы.

TuraNews

Back to top button