Қоғам
Ұлытауда балалар лагері ашылады
Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы арасындағы меморандум аясында «Ұлытау» демалыс орнында балаларға арналған жазғы лагерь ашу жоспарланып отыр.

Бұл мақсатқа «Қазақмыс» корпорациясы тарапынан 50 млн теңге көлемінде қаржы бөлінеді, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Бұл аумақ бұған дейін ұлттық парк құрамында болған. Осыған орай ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалды ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс білдірді.
Бұл бастама Мемлекет басшысының 2026 жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде балалар сауықтыру лагерьлерін салу жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.