Қоғам
«ULYTAU ZHASTARY» – жастарға қолжетімді баспана!

Ұлытау облысын дамытудың кешенді жоспары аясында 35 жасқа дейінгі жастарға арналған «Ulytau Zhastary» жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы іске асырылуда.
Бағдарлама жас мамандарға тиімді шарттармен өз баспанасын сатып алуға мүмкіндік береді.
- Негізгі шарттар:
- Пайыздық мөлшерлеме – 5%
- Несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін
- Бастапқы жарна – кемінде 10%
Бағдарлама қатысушылары:
мұғалімдер, дәрігерлер мен медбикелер, спортшылар, мәдениет қызметкерлері, журналистер, ЖОО оқытушылары, ғылыми және әлеуметтік сала мамандары.
Нәтижелер:
▪️ 2023 жылы – 750 млн тг бөлініп, 39 жас отбасы баспаналы болды
▪️ 2024 жылы – 1 млрд тг қарастырылып, 57 отбасы тұрғын үйге қол жеткізді
▪️ 2025 жылы – 625 млн тг бөлініп, 32 жас отбасын баспанамен қамту жоспарлануда
«Ulytau Zhastary» – жастардың болашағына салынған нақты инвестиция!



