Басты
Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам үйінді астында қалды
ТЖМ Командалық орталығы және Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар жұмыс істеуде.

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Жомарт» кенішінде апат болды. Шахтада тау массасы опырылып, жеті жұмысшы үйінді артында қалды. Бұл туралы «Қазақмыс корпорациясы» мен Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-каналы хабарлады.
Қазіргі уақытта жұмысшылармен байланыс жоқ. Оқиға орнында апатты-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнында Ұлытау және Қарағанды облысының құтқарушылары, кинологтар, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмыс істеп жатыр.