Технология

Ұлытау облысында цифрландыру серпін алуда

2025 жыл Ұлытау облысы үшін цифрлық даму тұрғысынан маңызды кезең болды.

Өңірде цифрландыру бағытындағы бастамалар халықтың өмір сапасын жақсартуға және мемлекеттік қызметтерді тиімді етуге бағытталды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының мәліметінше, биыл бірнеше жаңа цифрлық жоба іске қосылды. Атап айтқанда, “Отбасының цифрлық картасы” жүйесі арқылы 11 түрлі әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалып, тұрғындарға жүгінусіз көрсетілді. Сонымен қатар, “Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы” өндіріс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік беріп отыр.

Білім мен стартап саласында да ілгерілеу байқалды. “Ulytau Hub” IT-орталығы аймақтағы жастар үшін инновациялық алаңға айналды. Мұнда 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 300-ден астам жас ІТ және кәсіпкерлік бағытында оқудан өтті. Стартап-жобаларға арналған Hackathon, Pitch Day сынды іс-шаралар ұйымдастырылып, жас кәсіпкерлерге менторлық қолдау көрсетілді.

TuraNews

Back to top button