Қоғам

Ұлытау облысында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары марапатталды

Бүгін Ұлытау облысында бірқатар мамандарға құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды. Салтанатты рәсімде марапаттарды Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова табыс етті.

Айта кетейік, биылдан бастап 15 қыркүйек ресми түрде Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні болып бекітілді. Бұл — халықтың денсаулығын қорғауда аянбай еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегін әділ және лайықты бағалаудың белгісі.

Салтанатты шарада облыс басшылығы ардагерлер мен санитариялық қызмет мамандарына алғысын білдірді.

– Құрметті ардагерлер мен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары! Сіздер күн сайын түрлі аурулардың алдын алу, санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және эпидемияны бақылау бағытында қажырлы еңбек етіп келесіздер. Жоғары кәсібиліктеріңіз халықтың денсаулығын қорғауға, тұрмыс сапасын арттыруға зор үлес қосуда. Әсіресе COVID-19 пандемиясының ең ауыр кезеңінде өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызға қауіп төндіріп, індетке қарсы табандылық таныттыңыздар. Бүгін сіздер жұқпалы аурулардың алдын алумен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғап, тауарлар мен қызметтердің сапасын, еңбек пен тұрмыс жағдайларын бақылап отырсыздар. Ұлытау облысы азаматтарының әл-ауқаты көбіне сіздердің кәсібиліктеріңіз бен адалдығыңызға байланысты. Осы жауапты әрі қиын еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс білдіремін, – деді Зина Ақылбекова.

TuraNews

Back to top button