Ұлытау облысында республикалық репродуктивтік денсаулық апталығы өтуде
2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында Қазақстанда жасөспірімдер мен жастардың денсаулығына арналған Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы өтіп жатыр.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен ұйымдастырылды.
15 мамырда Жезқазған қаласының Жоғары облыстық колледжінде осы апталық аясында арнайы кездесу өтті. Кездесуге акушерлік ісі және гинекология пәнінің оқытушысы Ж.Я. Муслимова қатысып, «Қалаусыз жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ, облыстық комиссия мүшесі Э.К. Алпанбаева мен Сәтбаев қаласы мешітінің имамы Е. Такеев жастармен моральдық-этикалық тақырыптарда әңгіме жүргізді.
Репродуктивті денсаулық апталығы аясында Сәтбаев индустриалды колледжінде, Амалбеков атындағы Жаңаарқа орта мектебінде және Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжінде де ақпараттық-ағарту іс-шаралары өткізілді. Бұл кездесулерде оқушылар мен студенттерге өмірі мен денсаулығы үшін маңызды ақпараттар ұсынылды.