Ұлытау облысында, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің құрылғанына 5 жыл толуы қарсаңында, Агенттік бастамасымен ұйымдастырылған «Қаржы сақшысы» республикалық қаржылық сауаттылық ойыны өз мәресіне жетті, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Ойын барысында белсенді қатысқан және ауданаралық деңгейде жүлделі орындарға ие болған 15 мектеп оқушысы, сонымен бірге облыстық деңгейде ең үздік нәтиже көрсеткен 6 финалист марапатталды.
Финал қорытындысы бойынша 3 студент пен 3 мектеп оқушысы жүлделі I, II және III орындарды иеленіп, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Аталған жоба жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



