Ұлытау облысында Жас жол инспекторларының 20-шы республикалық слетінің облыстық кезеңі өтуде
Бүгін Ұлытау облысында жасөспірімдер арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған маңызды іс-шара – «Жас жол инспекторларының 20-шы республикалық слетінің облыстық кезеңі» басталды.

Бұл шараның негізгі мақсаты – балаларды жолда жүру ережелерін сақтауға саналы түрде тәрбиелеу, олардың жол ережелері мен жол белгілері туралы білімдерін кеңейту және ойындық тапсырмалар арқылы қабілеттерін дамыту.
Слет барысында қатысушылар өздерінің білімдері мен дағдыларын 9 түрлі аталым бойынша көрсетеді:
Жол жүрісі қағидаларының білгірлері: Жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық білімдерін тексереді.
Үгіт-насихат байқауы: Жол қауіпсіздігін насихаттайтын шығармашылық жұмыстарын ұсынады.
Велосипедті мәнерлеп жүргізу: Велосипедті басқарудағы шеберліктерін көрсетеді.
Автоқалашықта велосипедті жүргізу: Арнайы автоқалашықта велосипедпен жүру дағдыларын тексереді.
Жас реттеуші: Жол қозғалысын реттеудегі білімдерін және практикалық дағдыларын көрсетеді.
Білгірлер турнирі: Жол қауіпсіздігі тақырыбындағы зияткерлік сайыс.
Жас санитар (алғашқы көмек көрсету): Жол-көлік оқиғалары кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетеді.
«Үздік жол қауіпсіздігін насихаттаушы» (ПД ЖПҚ қызметкерлері арасында): Полиция департаментінің Жол полициясы қызметкерлері арасындағы үздік насихаттаушыны анықтайды.
«Ашық үзіліс» (білім беру органдары қызметкерлерінің арасында): Білім беру саласының қызметкерлері арасындағы байқау.
Бұл слет жас ұрпақтың жол қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттыруға және оларды болашақта жол қозғалысының саналы қатысушысы етіп тәрбиелеуге зор ықпал етеді. Сайыс жеңімпаздары алдағы республикалық кезеңге жолдама алады.