Экономика
Ұлытау облысында егін жинау науқаны басталды

Облыс бойынша өсімдік шаруашылығымен 50-ге жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі айналысады.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 26,3 мың гектарды құрайды, оның ішінде 20,2 мың гектары – дәнді дақылдар.
Егін жинау жұмыстары тамыз айының екінші жартысында басталып, қазан айына дейін жалғасады деп жоспарлануда. Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 15.1 мың гектар немесе 74 %жиналып, 17,7 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 11,5 центнер.
Күзгі дала жұмыстарына 332,5 тонна дизель отыны қарастырылды.
Егін жинау жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.