Қоғам
Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады
Жезқазған қаласында 1 тамыздан бастап, аутистикалық спектрдегі бұзылыстары бар балаларды қолдау орталығы (autism) КММ өз жұмысын бастады.
Жаңа орталық жылына 100 баланы қамтуға мүмкіндік береді, ал балалармен 8 клиникалық педагог, Болат Өтемұратұлы қорының Асыл Мирас орталығынан арнаулы оқыту, әдістемелік курсынан өткен мамандар жұмыс істейді.
Орталықта ҚР Оқу-ағарту министрлігі тұжырымдамасы бойынша 6 кабинет жұмыс істейді. Олар ерте қолдау кабинеті, оқыту дағдыларын дамыту, әлеуметтік және сөйлеу дағдыларын дамыту, өмірлік дағдыларды дамыту, ата-аналарды қолдау мен сенсорлы, ойын бөлмелері жабдықталған.
Аутизм орталығына ПМПК қорытындысы бойынша «Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылуы» мен «Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің қиындықтары» бар балалар қабылданады.
Мекенжайы: Жезқазған қаласы, Сәтбаев көшесі 62. 2-қабат