Спорт

Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері мас-рестлингтен I Қазақстан чемпионатында алтын медаль иеленді

Маусымның 13–15 аралығында Алматы қаласында мас-рестлинг (таяқ тартыс) бойынша тұңғыш Қазақстан чемпионаты өтті.

Елдің түкпір-түкпірінен келген ең мықты спортшылар бақ сынады, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Ұлытау облысы ТЖД-ның спортшылары өңір намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды:
•🥇 Қадырғали Анель — әйелдер арасында 85 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль
•🥇 Әлтай Бердіқұл — ерлер арасында 90 кг дейінгі салмақта алтын медаль
•🥉 Кабдулхамитов Ернұр — ерлер арасында 70 кг дейінгі салмақта қола медаль

Анель Қадырғали мен Әлтай Бердіқұл өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанып, Моңғолияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.

TuraNews

Back to top button