Қоғам
Ұлытау облысы тазалық айдынында: Қаражал қаласында жаппай сенбілік өтті

Бүгін Ұлытау облысына қарасты Қаражал қаласында «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бағдарламасы шеңберінде жалпыоблыстық тазалық күні ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты — қоршаған ортаны көздің қарашығындай қорғау, өңір тұрғындары арасында жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру және елді мекендерді абаттандырып, көгалдандыру. Сенбілік барысында қала көшелері мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, аймақтың эстетикалық келбетін жақсартуға баса назар аударылды.



