Саясат

Ұлытау облысы: кезекті аппараттық жиын өтті

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті.

Күн тәртібінде 2024 жыл бойынша мемлекеттік сатып алулар қорытындылары мен ауыл мектептерін дамыту жайында мәселелер қаралды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Алғашқы сұрақ бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Алмат Әйтенов баяндама жасады. Өңір басшысы бұл ретте 2025 жылы барлық конкурстың уақытылы және сапалы өтуін міндеттеп, ол үшін штат мәселесінде еш кедергінің жоқтығын алға тартты. Сондай-ақ облыс әкімі барлық бюджет әкімшілері мен қала және аудан әкімдеріне жыл соңына дейін бюджет қаражатын сапалы, заңға сәйкес игеруді қатаң тапсырды.

Сонымен қатар, өңір басшысы облыстың ауыл мектептеріндегі оқушылардың қауіпсіз және жайлы жағдайда білім алуын қамтамасыз етуді әрі қадағалауда ұстауды тапсырды. Оған қоса, шалғай шағын елдімекендердегі оңтайландыру алдында тұрған білім ошақтарына қатысты мәселені шешу үшін нақты ұсыныстар беру қажеттігін айтты.

Сондай-ақ ауылдардағы халық санын арттыруға қатысты Ұлытау облысының әкімі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ерікті қоныс аудару бағдарламасы шеңберінде жұмыстарды күшейтуді, аудан әкімдеріне көшіп келген отбасыларға үй берілуін, тиісті барлық төлемнің төленуін, жұмысқа тұруын бақылауда ұстауды тапсырды.

TuraNews

Back to top button