Қоғам
Ұлытау облыстық музейінің қызметкерлері Жаңа Конституция жобасын талқылады

Музей ұжымымен өткен кездесуге «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өңірлік өкілдері қатысып, құжаттың негізгі бағыттары мен басымдықтарын кеңінен түсіндірді.
Кездесу барысында Конституция жобасындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері, әлеуметтік әділеттілік қағидаттары, сондай-ақ мәдениет пен руханият саласына қатысты жаңашыл бастамалар сөз болды.



