Ұлытау: жезқазғандық ұстаз «ерен еңбегі үшін» медальімен марапатталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен №13 жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі, білім саласының ардагері Ералиева Гуляйша Саурбаевна «Ерен еңбегі үшін» медальімен марапатталды. Салтанатты іс-шараға мектеп ұжымы, оқушылар мен ұстаздар қатысты. Марапатты қала әкімі Қайрат Шайжанов табыстады.
Гуляйша Саурбаевна — білім саласында 49 жыл үздіксіз еңбек еткен тәжірибелі педагог. Ол 1995 жылдан бері №13 мектепте қызмет етіп келеді. Ұстаздың шәкірттері биология пәні бойынша қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Педагог заманауи әдістерді тиімді қолданып, оқушылардың зерттеушілік және сыни ойлау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөледі.
Іс-шара барысында қала әкімі ұстаздың білім беру саласына қосқан зор үлесін, жас ұрпақ тәрбиелеудегі табанды еңбегін атап өтті. Ұлағатты ұстазға шығармашылық табыс пен шәкірттерінің биік жетістіктерін көруді тіледі.



